Шымкент әкімінің орынбасары Берденовке шабуыл жасалды: атқан адам ұсталды

Шымкент әкімінің орынбасары Берденовке шабуыл жасалды: атқан адам ұсталды
Фото: t.me/mazhilis_kz

Шымкент әкімнің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасалды. Полиция департаменті өкілдері осы жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір оған қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Полиция мәліметінше, қылмысты жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады", - деді полиция.

Берденов туралы не белгілі?

Ол 1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2006 жылы менеджмент мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2009 жылы КИМЭП университетін Іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесімен бітірді.

  • Еңбек жолын 2005 жылы "Алматы құс" ААҚ ("Сеймар" тобы) компаниясының бөлшек сауда директоры қызметінен бастады.
  • 2007 жылғы ақпан - 2010 жылғы шілде Procter & Gamble компаниясының бас логистикалық үйлестірушісі.
  • 2010 жылғы шілде - 2012 жылғы қараша Eastcomtrans ЖШС жылжымалы құрамды жалдау бөлімінің бастығы.
  • 2012 жылғы қараша - 2018 жылғы мамыр "Ақ ниет" ЖШС бас директоры.
  • 2018 жылғы қараша - 2019 жылғы сәуір "Ақ ниет" ЖШС байқау кеңесінің мүшесі.
  • 2019 жылғы сәуір - 2023 жылғы наурыз Aq niet Group байқау кеңесі төрағасының орынбасары.
  • 2023 жылғы 29 наурыздан бастап Respublica партиясының партиялық тізімі бойынша VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.
  • 2023 жылғы наурыздан бастап VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып Respublica партиясының партиялық тізімі бойынша сайланды.
  • Биыл Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget

OSZAR »