Шерзат ісі: айыпталушы қысым жасалды деп шағымданды

Шерзат ісі: айыпталушы қысым жасалды деп шағымданды
Фото: Massaget.kz/Болат Айтмолда

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгінгі сот отырысында тағы бір айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаевтан жауап алынды. Айыпталушы полицейлер тарапынан азаптауға ұшырағанына, соққыға жығылғанына шағымданды. Оның айтуынша, Шерзат өлтірілгеннен кейін бірнеше сағаттан соң үйінен ұсталған.

"Полиция бөлімінде мені ұрып-соға бастады. Кейін Қаржаубай келді, ол да ұрып-соғып, балағаттады. Маған қысым жасалды, қызметкерлер қандай айғақтар беру керек екенін айтты", - деді айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев.

Тоқтаубаев бүгін сотта тергеу кезінде берген айғақтарынан бас тартты.

Айта кетейік, Нұрбол Тоқтаубаевқа "Бұзақылық" бабы бойынша айып тағылып отыр. Айыпталушылар орындығында оның бауыры Азамат Тоқтаубаев та отыр.

Шерзат ісі бойынша сот отырысы

2025 жылы 10 cәуірде Талдықорғанда Шерзат Болаттың ісі бойынша сот процесі басталды. Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы тікелей эфирден көрсетіледі.

Бұған дейінгі сот отырыстарында жәбірленуші тарап өкілдері, яғни марқұмның әжесі, ата-анасы, одан бөлек куәгерлер, айыпталушылар сөйледі.

Шерзат Болаттың өлімі туралы не белгілі?

Еске салайық, Талғарда 2024 жылы 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.

Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар, Алматы облысы Полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.

"Қазақ болып күресеміз". Заңгер Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі соңына дейін жеткізетінін айтты.

Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды. 

Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар 

Кейін Шерзаттың ағасы да өлі табылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget

OSZAR »