Оқушыға ерсі ұсыныс жасаған ер адам 7 жылға сотталды

Оқушыға ерсі ұсыныс жасаған ер адам 7 жылға сотталды
Фото: depositphotos.com

Алматы қаласының 12 жастағы оқушысына азғындық әрекеттер жасаған Түркістан облысының тұрғыны сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тергеу барысында ер адам Астанада болған кезде Telegram мессенджері арқылы Алматы гимназияларының бірінде оқитын 6-сыныптың оқушысымен танысқаны анықталды.  

"Кейін бейнебайланыс барысында ол жыныстық сипаттағы әдепсіз іс-әрекеттер жасаған", - деп жазылған хабарламада.

Сот үкімі  

Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты.

Оған 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, айыпталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.  

Үкім заңды күшіне енді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget

OSZAR »