Тараз қаласы құрылыс бөлімінің басшысы 4 жылға сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тараз соты қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Н.Қалдыбаевқа, сондай-ақ, мердігерлік ұйым өкілі О.Ерболатұлына үкім шығарды.
Ерболатұлы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, ал Қалдыбаев мердігерлердің мүддесі үшін орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойып, ақша аударған. Олардың қылмыстық әрекеті салдарынан мемлекетке 519 млн теңгеден аса шығын келген.
Сот үкімімен Қалдыбаевқа 4 жылға, Ерболатұлына 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қалдыбаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды, ал Ерболатұлына мемлекеттік, жеке ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қаржы бөлуге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!