Қазгидромет 19, 20, 21 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклоны Қазақстан аумағына ығысып, салдарынан ауа температурасы айтарлықтай төмендеп, жаңбырдың арты қарға ұласады. Тіпті оңтүстік аймақтардың тұрғындары да суықты сезінеді.
"Алдағы күндері солтүстік және шығыс аймақтарда жаңбыр жауады, 19 сәуірде арты қарға ұласуы мүмкін. Кейінірек көктемнің жылы лебі сезіледі, жаңбырға қарамастан ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Тек батыста көктемгі ауа райы анық сезіледі, күн ашық болады, ал термометр бағаны күндізгі уақытта 25-30 градусқа дейін көтеріледі", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова