Астанада Кенесары көшесінің бір бөлігі жабылады

Астанада Кенесары көшесінің бір бөлігі жабылады
Фото: depositphotos.com

Астанада Кенесары көшесінің бір бөлігі жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, А.Сембинова көшесінен Е.Брусиловский көшесіне дейінгі учаскеде Кенесары көшесін орташа жөндеу бойынша жұмыстар басталған.

"5-11 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Астана әкімдігі

Еске салайық, бұған дейін елордада Қорғалжын тасжолының бір бөлігі жабылатыны хабарланды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget

OSZAR »