Елордада 40-тан астам алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға қала тұрғыны жүгініп, алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын хабарлаған.
Жәбірленушінің айтуынша, Olx қосымшасы арқылы алданып қалған.
Есіл ауданы ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу кезінде алаяқтық жолмен ақша иемденген 31 жастағы тұрғынды анықтады.
"Тергеу барысында ер адам Olx қосымшасында жиһаз сатамын деп алдап, дәл осындай іске қатысты 40-тан аса эпизоды бар екені белгілі болды. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова