Әскери шеруге дайындық: Астанада бірқатар көше уақытша жабылады

Әскери шеруге дайындық: Астанада бірқатар көше уақытша жабылады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Астанада Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге ауқымды дайындық басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, 3 және 4 мамырда бірқатар көшеде уақытша шектеулер енгізіледі:

3 мамыр бойынша

  • 3 мамырда таңғы сағат 5:00-ден 6:30-ға дейін А-334 көшесі бойынша Ақжол даңғылы - Қошқарбаев даңғылы - Момышұлы даңғылы - Тәуелсіздік даңғылы арқылы әскери техника өтеді. Әскери техникалар жаттығу орнына қарай бағыт алады.
  • 3 мамырда таңғы сағат 5:00-ден 6:30-ға дейін А-334 көшесі бойынша Ақжол даңғылы - Қошқарбаев даңғылы - Момышұлы даңғылы - Тәуелсіздік даңғылы арқылы жаттығу орнына бағыт алған әскери техника қозғалады.
  • Осыдан кейін бірден сағат 6:30-дан 8:00-ге дейін А-334 көшесі бойынша Ақжол - Қошқарбаев - Аманжолов - Нәжімеденов бағыты арқылы парад жеке құрамын тасымалдау басталады.
  • Сағат 5:00-ден 13:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы (Момышұлы даңғылынан Панфилов көшесіне дейін) жабылады, сондай-ақ, Ақыртас, Қалдаяқов көшелерінде және Қошқарбаев даңғылында көлік қозғалысы шектеледі, себебі техника уақытша орналасады.
  • Сағат 5:00-ден 14:00-ге дейін Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрының алдындағы тұрақ жабылады, сондай-ақ, Қуанышбаев, Нәжімеденов, Байтұрсынов және Нұрмағанбетов көшелерінде жеке құрамы бар автобустарды орналастыру үшін жол қозғалысы шектеліп, тұрақ орындары жабылады.
  • Бұл күн әскерилердің оралуымен аяқталады: сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін техника мен автобустар Нұрмағанбетов - Қошқарбаев - Ақжол - А-334 бағыты арқылы орналасу пунктіне қайтады.

4 мамыр бойынша

4 мамырда да қозғалыс жоспары осыған ұқсас болады:

  • таңертеңнен бастап әскери техника және шеруге қатысушылар тасымалданады,
  • 5:00-ден 14:00-ге дейін 3 мамырда жабылған көшелерге шектеу енгізіледі,
  • 12:30-дан 14:00-ге дейін көрсетілген маршрут бойынша техникалар легі қайтарылады.

Астана әкімдігі мәліметіне сүйенсек, жаяу жүргіншілерге де шектеулер енгізілуі мүмкін: кейбір жаяу жүргіншілер өткелдері жабылады немесе басқа тұсқа бағытталуы мүмкін.

"Қала тұрғындары мен қонақтары белгілер бойынша жүруі немесе уақытша белгілерді ұстануы қажет. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нұсқауларын сақтауды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 3, 4, 7 мамырда мына автобус маршруттарының қозғалыс сызбасы өзгереді: №№ 3, 4, 4А, 14, 15, 15А, 19, 21, 29, 29А, 30, 32, 40, 43, 47, 50, 51, 55А, 55Б, 56, 57, 58, 61, 62, 66, 84, 121, 502, 504. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget

OSZAR »