Алматы облысында оқушылар әлімжеттікке ұшыраған: жаңа деректер айтылды

Алматы облысында оқушылар әлімжеттікке ұшыраған: жаңа деректер айтылды
Фото: Видео кадры

Алматы облысы Білім басқармасы өкілдері оқушылар әлімжеттік көрген видеоға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство өкілдері Іле ауданы Қараой ауылындағы жағдайдан кейін оқушы басқа мектепке ауыстырылғанын мәлімдеді.

"Алдын ала жүргізілген зерттеу нәтижесінде оқиға 2024 жылы қыркүйекте болғаны, ал құқықбұзушылыққа жол берген оқушы 2025 жылы наурызда басқа мектепке ауыстырылғаны белгілі болды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты қарастыру мақсатында арнайы комиссия құрылды. Тексеру іс-шаралары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, жауаптыларға қандай шара қолданылатыны айтылды.

"Тексеріс нәтижелері бойынша оқиғаға қатысқан оқушылармен қатар, тәрбиелік жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырмаған және жоғары тұрған органдарды уақытылы хабардар етпеген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралады", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында оқушылар аяусыз соққыға жығылған видео тарады.

Редакцияға оқырмандар жолдаған видеода бірнеше оқушы тізіліп тұрғаны, оларды белгісіз біреу соққыға жығып жатқаны көрінеді, балағаттап жатқаны да естіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget

OSZAR »