Қазгидромет Алматы және тағы бір қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"8 мамырда Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.
Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет 6, 7, 8 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы күндері Қазақстандағы ауа райына оңтүстік циклон әсер етеді. 8 мамырдан бастап орталық, шығыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ та жауады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова