Ақмола облысында бұрынғы математика пәнінің мұғалімі есірткі тасумен айналысқан (видео)

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері қызметтік-іздестіретін ит көмегімен Ақмола облысы Талапкер ауылы маңындағы тасжолда өңіраралық курьерді ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тексеріс барысында ұсталған адам Қостанай – Семей бағыты бойынша есірткі тасымалдағаны анықталған.

"Курьер бұрын математика пәнінің мұғалімі болған. Көлікті тексеру кезінде артқы орындықта тұрған рюкзактың ішінен синтетикалық есірткі, яғни "мефедрон" салынған пакет табылды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы бір келі болады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!



OSZAR »