9 мамырда елордада қандай іс-шаралар өтеді?

9 мамырда елордада қандай іс-шаралар өтеді?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Астанада 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған 100-ге жуық түрлі іс-шара жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олардың арасында концерттер, көрмелер, акциялар, спектакльдер және т.б. бар.

6-8 мамыр күндері адам көп жиналатын орындарда еріктілер блиц-сауалнама жүргізіп, қоғамдық орындарда "Жеңіс лентасы" ленталары мен төсбелгілерін таратады.

6-10 мамыр аралығында елордада спорттық гимнастикадан ашық қалалық чемпионат өтеді. Жарыс Ә.Жангелдин, 9А мекенжайы бойынша "Жеңіс" СК өтеді. Кіру тегін.

7 мамырда сағат 11:00-де Астанада концерттер мен әскери парадтың тікелей көрсетілімі өтеді. Сағат 11:00-ден бастап үлкен LED экрандар арқылы шеру бірден бірнеше орында көрсетіледі:

  1. Елорда әкімдігі ғимаратының жанындағы қалалық алаңда (тікелей эфир және мерекелік концерт);
  2. "Астана Арена" стадионының аумағында (тікелей эфир және мерекелік концерт);
  3. Astana Music Hall автотұрақ аумағы (Құмыра) Б.Момышұлы даңғылы, 1 (тек тікелей трансляция).

Сонымен қатар, іс-шара республикалық телеарналардың тікелей эфирінде көрсетіледі. Сағат 12:00-де Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының аумағында әртістердің қатысуымен ашық аспан астында мерекелік концерт ұйымдастырылады.

8 мамырда сағат 15.00-де Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай және "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызу акциясын өткізу жоспарланып отыр.

9 мамырда Ботаникалық бақта елордалық студенттер мен оқушылар арасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған жеңілатлетикалық эстафета өтеді. Эстафета сағат 9:00-де басталады. Спорттық дайындығы бар және медициналық тексерістен өткен оқушылар мен студенттер қатыса алады.

9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Жастар саябағында сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін және қалалық алаңда сағат 17:00-де мерекелік концерттер өтеді. Сол күні сағат 18:00-де Ә.Мамбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында "Ар адамы Бауыржан" спектаклінің премьерасы өтеді.

Сондай-ақ, 9 мамырда сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін қала әкімдігі, ҚР Қорғаныс министрлігі өкілдерінің, "Жас Сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілерінің, әскери оркестрдің қатысуымен оркестр құттықтайды. Сонымен қатар, 9 мамырда елордада Qazaqstan Barysy Grand Slam дзюдодан халықаралық турнирі басталады. Жарыс Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Кіру тегін.

10 мамырда сағат 17:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда "Мамыр вальсі" мерекелік концерті өтеді.

10 мамырда сағат 18:00-де Ә.Мамбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының сахнасында "Ар адамы Бауыржан" сахналанады.

Айта кетейік, Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, әскери іс-қимылдарға қатысушыларға, Астанада тұратын тыл еңбеккерлеріне біржолғы төлем беріледі. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget

OSZAR »