Қазгидромет 3, 4, 5 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жауын-шашын бойынша
Ел аумағының басым бөлігіндегі ауа райына циклон және атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды:
- 4-5 шілдеде солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде бұршақ, қатты жаңбыр жаууы мүмкін.
- Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
- Сонымен қатар, батыс және оңтүстік өңірлерде жел күшейіп, шаңды дауыл соғуы мүмкін.
Ауа температурасы бойынша
"Елдің басым бөлігінде күндіз ауа температурасы 35 градус аптап ыстыққа дейін көтеріледі. 4-5 шілдеде республиканың орталығы мен шығысында 40-42 градус ыстық болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда 35-40 градусқа дейінгі қатты ыстық болжанып отыр, кейбір аудандарда тіпті 43-47 градусқа дейін жетуі мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
5 шілдеде солтүстік және орталық аймақтарда күндіз ауа температурасы 18-25 градусқа дейін төмендейді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова