Лайелл синдромы деген не?

Лайелл синдромы деген не?
Фото: depositphotos.com

Лайелл синдромы - аллергиялық аурулардың ішінде ең күрделі әрі өмірге аса қауіпті түрінің бірі. Аурудың өлім-жітім көрсеткіші 70%-ға дейін жетуі мүмкін. Өкінішке қарай, бұл ауру жастар арасында да жиілеп барады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Негізгі белгілері қандай?

  • Теріде ауырсынатын қызару пайда болуы;
  • Эпидермис қабатының ажырауы;
  • Дене қызуы көтерілуі, жалпы әлсіздік.

"Өзін-өзі емдеу өте қауіпті! Алғашқы белгілер байқалғанда дереу дәрігерге қаралу қажет", - деп ескертті мамандар.

Қандай жағдайлар болуы мүмкін?

Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 23 жастағы науқас созылмалы бүйрек ауруымен есепте тұрған. Қандағы несеп қышқылы жоғары болуына байланысты оған аллопуринол тағайындалған. Осы препараттың әсерінен ағзада ауыр аллергия реакциясы пайда болған. Осылайша Лайелл синдромы дамуына әкеп соққан. Емдеу барысында науқастың жағдайы жақсарып, сауығып, ауруханадан шыққан.

"Бұл жағдай дер кезінде қойылған диагноз, дұрыс таңдалған емдеу тактикасы және командалық жұмыс - тіпті ең ауыр жағдайдың өзінде өмірді сақтап қалуға мүмкіндік беретінінің дәлелі", - дейді мамандар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget

OSZAR »