Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы APLO-2025 өз мәресіне жетті. Қытай, Аустралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты АТА елдерінің дарынды оқушыларын біріктірген жарысқа биыл 500-ге жуық оқушы қатысқан.
Байқау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың абсолют жеңімпазы атанған. Ол аймақтың ең мықты қатысушыларын басып озып, алтын медаль иеленген.
Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижені көрсеткен: 5 медаль және 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды.
Айта кетейік, Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) - жоғары сынып оқушыларына арналған халықаралық лингвистикалық олимпиада. Бұл олимпиада логикалық ойлау, мәдениетаралық құзыреттілікті дамытуға бағытталған. APLO оқушыларға халықаралық деңгейде өздерін сынап көруге және академиялық ортада таныла түсуге үлкен мүмкіндік береді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова