Канададағы Ватерлоо университетінің профессоры Анита Лейтон қан қысымын төмендету үшін рационға бір жемісті қосу керек екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Рационға калийге бай тағамдарды қосу қан қысымына оң әсер ететінін зерттеу де көрсеткен", - деп түсіндірді Анита Лейтон.
Профессор күнделікті мәзірге калийге бай бананды қосуды ұсынды. Сонымен қатар, бұл микроэлемент брокколи, авокадо, лосось және сояда кездеседі.
Еске салайық, бұған дейін қан қысымы төмен адамдарға төрт кеңес берілді. Сарапшылардың сөзінше, қан қысымы төмен болса көп су ішу керек, сағат сайын шамамен бір стақан су ішкен абзал.
Маман тұзды да көбірек тұтынуға кеңес берді, өйткені гипотониктер үшін бұл - қажет нәрсе.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова