Балалармен сапарға шыққанда нені ескеру керек?

 Балалармен сапарға шыққанда нені ескеру керек?
Фото: depositphotos.com

Балаңызбен бірге көлікпен сапарға шығуды жоспарладыңыз ба? Сапарыңыз жайлы әрі қауіпсіз болуы үшін алдын ала қамданыңыз. Мамандар нені ескеру керек екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Жолға шықпас бұрын көлігіңізді дайындаңыз:

  • Дөңгелектердегі ауа қысымын тексеріңіз.
  • Жарық, тежегіш, бұрылыс шамдарының жұмысын тексеріңіз. Бұл – қауіпсіздіктің басты элементтерінің бірі.
  • Тежегіш жүйесінің жұмысын және әйнек тазалағышты тексеріңіз. Бұл қолайсыз ауа райы кезінде өте қажет.
  • Жолды жақсы көру үшін айна баптауларын ретке келтіріңіз.
  • Балаларға арналған автоорындық дұрыс орнатылғанына, бала қауіпсіздік белдігін таққанына назар аударыңыз.

Жас ерекшеліктеріне қарай балаларды тасымалдау ережелері:

  • 1 жасқа дейін

Нәрестені қозғалыс бағытына қарсы орнатылған автобесікпен (0+ санаты) тасымалдау керек. Бесікті алдыңғы орындыққа да, артқы орындыққа да қоюға болады, алдыңғы орындыққа қойған жағдайда қауіпсіздік көпшігін ажырату керек.

  • 1 жастан 7 жасқа дейін

Бұл жастағы балалар бойы мен салмағына сәйкес келетін балаларға арналған автоорындықта отыруы керек. Алдыңғы және артқы орындыққа да отырғызуға рұқсат етіледі.

  • 7 жастан 11 жасқа дейін

Егер баланың бойы 150 см-ден жоғары болса, стандартты қауіпсіздік белдігін пайдалана аласыз немесе автоорындық, бустерді пайдалану қажет. 

  • 12 жастан бастап

Кәдімгі қауіпсіздік белдігін пайдаланып, кез келген жолаушылар орнында тасымалдауға рұқсат етіледі. Қосымша құрылғылар қажет емес.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget

OSZAR »